Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 42/477-VI шешімі
(2024.31.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | А. Анчугин |
| Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы | В. Головатюк |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023.31.05. № 3/28-VІІІ шешімімен (2023 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.13.12. № 19/148-VІІІ шешімімен (2024 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда
Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2020 жылғы 9 қазандағы
№ 42/477-VI шешімімен
бекітілді
Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-14) тармақшасына, «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы жануарлары - адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлардың барлық түрлері;