Балқаш қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 2 мамырдағы № 21/01 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Балқаш қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Әкімдіктің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Балқаш қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 09 шілдедегі № 29/01 «Балқаш қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5945 болып тіркелді);
2) Балқаш қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 47/02 «Балқаш қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 09 шілдедегі № 29/01 «Балқаш қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6660-09 болып тіркелген).
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Балқаш қаласының әкімі | С. Сатаев |
Балқаш қаласының әкімдігінің