Ақтау қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 12/76 шешімі
(2025.24.10. берілген өзгерістермен)
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2025.06.10. № 24/159 шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Ақтау қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
2.Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Ақтау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы | С. Закенов |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттік мекемесі
Ақтау қалалық мәслихатының
2024 жылғы 19 сәуірдегі
№ 12/76 шешіміне 1 қосымша
Ақтау қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
Қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер