Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 200 бұйрығы
(2015.28.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 4 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының 26-бабының 2-тармағына және «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Заң департаментінің директоры А.Қ. Әлиақпаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы | Ж. Қасымбек |
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м. а. 2015.06.02. № 113 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015.28.05. № 626 бұйрығымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 200 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі
сараптамалық кеңестің құрамы