Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 104 Қаулысы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 21 қаңтардағы № 8 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына және «Жергілікті атқарушы органдардың құрылымы мен штат саны лимиттерінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 85 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық түрде жіберуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 10 ақпандағы № 28 қаулысының күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау кәсіпкерлік және өнеркәсіп мәселелеріне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.