Көшпелі кедендік тексеру актісінің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 шілдедегі № 436 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 418-бабы 21-тармағының 1-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Көшпелі кедендік тексеру актісінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 11 шілдедегі
№ 436 бұйрықпен
бекітілген
нысан
«БЕКІТЕМІН»
Мемлекеттік кірістер
органының басшысы
(оны алмастыратын адам)
__________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда))
______________ _________
(қолы) (күні)
№ _______ көшпелі кедендік тексеру актісі
20___ жылғы «____» _________ __________________________
(жасалған күні) (тексеру жүргізу орын)
____________________________________________________________________