Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 244 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 9 қарашадағы № 776 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына, 35-1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32237 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің хатшылығы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс басқармасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Жұртшылықпен байланыс басқармасы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Ішкі аудит департаменті;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Ғылым және адами ресурстар департаменті;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті;