«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 61/532 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 13/20 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағының 70) тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 61/532 қаулысында:
аталған қаулыға 2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
| Төраға | Н. Әбдіров |
| Хатшы | Ш.Өтемісов |
№1 қосымша
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2025 жылғы 4 сәуірдегі №13/20
қаулысымен бекітілген
№2 қосымша
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 61/532
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы
Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының
ҚҰРАМЫ
| № п/п | Ф.И.О. | Лауазым |
| 1. | Сүйіндік Ләззат Кеңесқызы | Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссия мүшесі, жұмыс тобының жетекшісі |
| 2. | Әкешова Линара Ілиясқызы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының электоралдық процесті ұйымдастыру бөлімінің бас консультанты, жұмыс тобының хатшысы |
| 3. | Қалтаева Ләззат Молдабекқызы | Сенат спикерінің кеңесшісі және Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты жанындағы инклюзия жөніндегі кеңестің төрайымы (келісім бойынша) |
| 4. | Ластаев Артур Ермекұлы | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша) |