«Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 31 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16509 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 427-бабының 1-тармағын және 428-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін қалыптастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қағидалар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.»;
4-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;