Есіл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 34/2 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 тамыздағы № 8С-7/3 шешімі
Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Есіл аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 34/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 5794095,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 976909 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 10234 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8528 мың теңге;
трансферттер түсімі - 4798424,2 мың теңге;
2) шығындар - 6032819,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - (- 407810) мың теңге, оның ішінде:
бюджеттiк кредиттер - 5175 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 412985 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 169085,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - (- 169085,7) мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4, 5, 6 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Есіл аудандық мәслихатының төрайымы | А. Әділбаева |
«КЕЛІСІЛДІ»
Есіл ауданының әкімі
Е.Баяхметов
7 тамыз 2023 жыл
Есіл аудандық мәслихатының
2023 жылғы 7 тамыздағы
№ 8С-7/3 шешіміне
1 қосымша
Есіл аудандық мәслихатының
2022 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 34/2 шешіміне
1 қосымша
2023 жылға арналған аудандық бюджет
| Санаты | Сома мың теңге |
| Сыныбы |
| Кіші сыныбы |
| Атауы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | | I. Кірістер | 5794095,2 |
| 1 | | | Салықтық түсімдер | 976909 |
| 01 | | Табыс салығы | 181107 |
| | 1 | Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы | 161493 |
| | 2 | Жеке табыс салығы | 19614 |
| 03 | | Әлеуметтік салық | 455836 |