«Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік қатынастар тізбесін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 19 маусымдағы № 431 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 83 шешімі
Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік қатынастар тізбесін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 19 маусымдағы № 431 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6264 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауында және 1-тармағында «облысішілік» деген сөз алынып тасталсын;
көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 54-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың төрағасы | Г. Суентаева |
Ақтөбе облыстық мәслихатының