Курчатов қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы
Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14/81-VIII шешімі
(2024.18.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 73, 75 - баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабы 1- тармағы 1) тармақшасына, шешіміне сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2024.30.04. № 17/106-VIII шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.26.09. № 21/130-VIII шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.12.11. № 22/133-VIII шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.28.11. № 23/138-VIII шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.18.12. № 24/146-VIII шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Курчатов қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 2 660 559,7 мың теңге:
салықтық түсімдер - 1 944 772,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 7005,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 23 400,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 685 382,7 мың теңге;
2) шығындар - 2 983 638,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -94 864,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 94 864,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -228 215,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 228 215,1 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 94 864,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 323 079,1 мың теңге.