«Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы» Көкшетау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № А-1/148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 19 қазандағы № А-10/1984 Қаулысы
Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы» Көкшетау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № А-1/148 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8347 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.»;
2-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін жаңа редакцияда жазылсын:
«Көкшетау қаласы
әкімдігінің 2021 жылғы
28 қаңтардағы № А-1/148
қаулысына қосымша»;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Көкшетау қаласының әкімі | Б. Ғайса |
Көкшетау қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 19 қазандағы
№ А-10/1984 қаулысына
қосымша
Көкшетау қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 28 қаңтардағы
№ А-1/148 қаулысына
1-қосымша
Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары