«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 440 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 маусымдағы № 101 Қаулысы
Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 440 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6431 тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2025 жылғы 5 маусымдағы
№ 101 Қаулысына қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2019 жылғы 21 қазандағы
№ 440 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер