Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 17 маусымдағы № 163 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | К. Аксакалов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2020 жылғы 17 маусымдағы
№ 163 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулылардың
тізбесі