Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 383/16 «Шахтинск қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 20 ақпандағы № 397/17 шешімі
Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 383/16 «Шахтинск қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Шахтинск қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 9 794 122 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 3 237 600 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 87 532 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 56 540 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 6 412 450 мың теңге;
2) шығындар - 10 080 224 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 65 500 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 65 500 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджеттің дефициті (профициті ) - -351 602 мың теңге;
6) бюджет дефицитін (профицитін пайдалану) қаржыландыру - 351 602 мың теңге:
қарыздар түсімдері - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылған қалдықтары - 351 602 мың теңге.
көрсетілген шешімнің 1, 6 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.».
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
| Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы | Ж. Мамерханова |
Шахтинск қалалық мәслихатының
2025 жылғы 20 ақпандағы
№ 397/17 шешіміне 1 қосымша
Шахтинск қалалық
мәслихатының 2024 жылғы
26 желтоқсандағы № 383/16
шешіміне 1 қосымша
2025 жылға арналған Шахтинск қаласының бюджеті
| Санаты | Сомасы (мың теңге) |
| | Сыныбы |
| | | Iшкi сыныбы |
| | | Атауы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |