Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 7 наурыздағы № 99 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 19-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
2025 жылғы 7 наурыздағы
№ 99 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың
2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы нысаналы индикаторларының
ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
1-бөлім.
Есептеуге жататын нысаналы индикаторлардың тізбесі
| № | Нысаналы индикатордың атауы | Өлшем бірлігі | Деректер түрлері (халықаралық статистика, ресми статистикалық ақпарат, әкімшілік деректер | Деректер көздері (ақпараттық жүйе, жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар, ведомстволық статистикалық байқаулар, әлеуметтанулық зерттеулер мен сауалнамалар негізінде алынған ресми статистикалық ақпарат |
| 1. | Халықты жоғары біліммен қамту | % | ресми статистикалық ақпарат/ әкімшілік деректер | Қазақстан Республикасы Статистика бюросының статистикалық деректері https://stat.gov.kz/ |
| 2. | Инкюзивті білім беру үшін жағдай жасаған ЖЖОКБҰ үлесі | % | әкімшілік деректер | Жоғары оқу орындарының есептік деректері |