Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 137 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Заңды тұлғаларға көрсетілген курьерлік қызметтердің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1931101, индексі 1-тариф (курьер), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Заңды тұлғаларға көрсетілген курьерлік қызметтердің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1931101, индексі 1-тариф (курьер), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық қызметтердің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1621101, индексі 1-тариф (пошта), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық қызметтердің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1621101, индексі 1-тариф (пошта), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;