Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығы
(2021.29.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 2 және 3-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мына:
1) өрт қауіпсіздігі саласындағы тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) азаматтық қорғаныс саласындағы бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) санатына, мақсатына және қызмет түріне қарамастан, объектіге қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) өнеркәсіптік кәсіпорындарға қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) автокәсіпорындарға, көлікке қызмет көрсету объектілеріне, автотұрақтарға (паркингтерге) қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) әкімшілік ғимараттарға (көп функционалды кешендерге), көппәтерлі (жеке) тұрғын үйлерге және жатақханаларға қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;