Осы редакция 2018 жылғы 21 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Әкімдіктің
2016 жылғы 21 маусымдағы
№ 284 қаулысына
14-қосымша
Қостанай облысы әкімдігінің 2018.27.06. № 300 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылды
«Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметті көрсетудің нәтижесiн берукөрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру туралы шарт және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 болып тіркелген) бекітілген «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы шешім не осы мемлекеттік көзделген қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау