Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы «Павлодар қаласының ауылдар, Ленин кенті және Кенжекөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» № 285/37 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 131/18 шешімі
Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласының ауылдар, Ленин кенті және Кенжекөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 29 маусымдағы № 285/37 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6021 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Павлодар қаласы кенттерінің, ауылдары мен ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы | С. Қалижанова |
Павлодар қалалық мәслихатының
2022 жылғы 7 сәуірдегі
№ 131/18 шешіміне қосымша
Павлодар қалалық мәслихатының
2018 жылғы 29 маусымдағы
№ 285/37 шешімімен
бекітілген
Павлодар қаласының ауылдар, Ленин кенті және Кенжекөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының
регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Павлодар қаласының ауылдар, Ленин кенті және Кенжекөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-3-бабы 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» № 295 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 15630 тіркелген) сәйкес әзірленді.
2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар: