Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері мен цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін қалыптастыру, жүргізу және сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 249 Қаулысы
(2026.01.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022.28.10. № 84 Қаулысымен (2022 ж. 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.20.04. № 79 Қаулысымен (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022.28.10. № 84 Қаулысымен (2022 ж. 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.12. № 78 Қаулысымен (2026 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.20.04. № 79 Қаулысымен (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабының 5 және 5-1-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022.28.10. № 84 Қаулысымен (2022 ж. 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.20.04. № 79 Қаулысымен (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері мен цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін қалыптастыру, жүргізу және сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.