«Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 110 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 487 бұйрығы
«Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 110 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрінің
2019 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 487 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 110 бұйрығына 1-қосымша
Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі
комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.