«Аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау мен қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 27 мамырдағы № 294 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1.«Аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау мен қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау мен қадағалау қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабы 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және аяқ киім тауарларын таңбалау мен оларды Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі қадағалау тәртібін айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аяқ киім тауарларын айналымға енгізу оларға сәйкестендіру құралдарын енгізу және аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау, олардың айналымы және Қазақстан Республикасының аумағындағы айналымнан шығару туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға беру арқылы жүзеге асырылады.