Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 66-НҚ бұйрығы
(2026.22.02. берілген өзгерістермен)
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тарифтерді қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі | Н. Нуржигитов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2025 жылғы 14 сәуірдегі
№ 66-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Тарифтерді қалыптастыру қағидалары
1- тарау. Жалпы ережелер
ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 2026.05.02. № 22-НҚ бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Тарифтерді қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және:
1) табиғи монополиялар салаларының тарифтік реттеу әдістері ескерілген тарифті есептеу тетігі;
2) уақытша өтемдік тарифті бекіту тәртібі;
3) тарифті саралау тәртібі;
4) тарифті оңайлатылған тәртіппен бекіту тәртібі;
5) инвестициялық бағдарламаны және оның өзгерісін бекіту тәртібі;