2023-2025 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 22/180 шешімі
(2023.15.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 23 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2023.15.05. № 2/15 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2023-2025 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1)кірістер - 453 379 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 55 589 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 214 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 0 теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 397 576 мың теңге;
2)шығындар - 453 686,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, соның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -307,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 307,6 мың теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімі - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 307,6 мың теңге.
2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы | С.Т. Зәкенов |
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2023.15.05. № 2/15 шешімімен 1-қосымша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)