Карағанды облысы әкімдігінің отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту бойынша кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 31/09 Қаулысы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 20/02 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 53 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13273 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 34/16 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3357 тіркелген, 2015 жылғы 12 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 11 тамызда «Орталық Қазақстан» № 126-127 (22 012), 2015 жылғы 11 тамызда «Индустриальная Караганда» № 111-112 (21862-21863) газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, көрсетілген қаулымен бекітілген «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда жазылсын.