Введите номер документа
Прайс-лист

«Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін 2022-2023 жылдардың қысқы кезеңіндегі төтенше жағдайларға дайындау туралы» Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 88 бұйрығы

Информация о документе
Датапонедельник, 19 сентября 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 19 сентября 2022
Дата последнего измененияпонедельник, 19 сентября 2022

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін 2022-2023 жылдардың қысқы кезеңіндегі төтенше жағдайларға дайындау туралы

Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 88 бұйрығы

 

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес, төтенше жағдайларға жедел ден қою, азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдары, күштері мен құралдарының авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге әзірлігін қамтамасыз ету, 2022-2023 жылдардың қысқы кезеңіндегі төтенше жағдайлардан болатын нұқсанды барынша азайту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған 2022-2023 жылдардың қысқы кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға тартылатын азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының күштері мен құралдарының топтамалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (келісу бойынша) (азаматтық қорғаудың республикалық көлік, жолдар мен көпірлер қызметтері):

1) «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы», «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарының, «Қазақавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қар тазалайтын, жол-құрылыс, теміржол техникасын, үй-жайларын әзірлікке келтірсін;

2) көлік магистральдарындағы қар құрсауларын жою үшін жанар-жағармай және тайғанауға қарсы материалдар қорын жасасын;

3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерімен бірлесіп жолдардың ең көп қар басатын учаскелеріне жол-құрылыс және қар тазалайтын техниканы бекітсін;

4) «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын және «Қазақавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қар тазалайтын техникамен жарақтандыруды тиесілілік нормаларына сәйкес келтірсін;

5) еліміздің автожолдарына қызмет көрсететін жол қызметтерінің қар тазалайтын техникаларының GPS-трекеріне Төтенше жағдайлар департаменттеріне рұқсат берсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами