Введите номер документа
Прайс-лист

«Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 69 бұйрығы (2023.17.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 21 апреля 2020
Статус
Действующийвведен в действие с 1 июня 2020
Дата последнего измененияпонедельник, 17 апреля 2023

Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 69 бұйрығы

(2023.17.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020.12.06. № 94 бұйрығымен кiрiспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Сәйкестендіру карталарының сипаттамасы, оларды беру мен пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің төрағасы

 

 

А. Жаилғанова

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігі Төрағасының

2020 жылғы 21 сәуірдегі

№ 69 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

Қағидалар мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге сәйкестендіру карталарын беру, пайдалану тәртібін және оның сипаттамасын айқындайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами