«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын айқындау жөніндегі комиссия құру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 139 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 391 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 73-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын айқындау жөніндегі комиссия құру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 139 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын айқындау жөніндегі комиссияның құрамы жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі | С. Нұрбек |
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
2024 жылғы 5 тамыздағы
№ 391 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
міндетін атқарушының
2024 жылғы 2 сәуірдегі