Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы
Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 4/31 шешімі
Осы редакция 2023 жылғы 26 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» қаулысына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесі бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Балқаш қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Р. Савутов |
| Қалалық мәслихат хатшысы | К. Тейлянов |
Балқаш қалалық мәслихатының
2021 жылғы 26 сәуірдегі
№ 4/31 шешіміне 1 қосымша
Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қаулысына сәйкес әзірленді және Балқаш қаласы мен әкімшілік-аумақтық іргелес кенттер тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер