2024 - 2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 96 шешімі
(2024.11.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 23 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2024.11.03. № 139 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 9 797 914 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 5 014 724 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 9 210 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 16 500 мың теңге;
трансферттер түсімі - 4 757 480 мың теңге;
2) шығындар - 10 429 455 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - алу 631 541 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 631 541 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 631 541 мың теңге.
2. 2024 жылға арналған қалалық бюджет түсімдерінің құрамында облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 4 - қосымшаға сәйкес ескерілсін.
3. 2024 жылға арналған қалалық бюджетте кенттер бюджеттеріне қалалық бюджеттен берілетін субвенциялардың мөлшері 402 353 мың теңге сомасында қарастырылсын, оның ішінде:
Жәйрем кентіне - 390 490 мың теңге;
Шалғы кентіне - 11 863 мың теңге.