Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілері (біліктілігі бар жұмысшыларды қоспағанда) лауазымдарының тізілімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 746 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 10 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілері (біліктілігі бар жұмысшыларды қоспағанда) лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бюджеттік жоспарлау және қаржы департаментінің бастығы:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
3. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілері (біліктілігі бар жұмысшыларды қоспағанда) лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 қазандағы № 607 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 12348 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы «Әділет» нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін.
5. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.