Шахтинск қаласында сайлау учаскелерін құру туралы
Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімінің 2019 жылғы 24 қыркүйектегі № 1 шешімі
(2025.19.07. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шахтинск қаласында осы шешімнің Қосымшасына сәйкес шекараларда сайлау учаскелері құрылсын.
2. Шахтинск қаласы әкімінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 2 «Шахтинск қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5016 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде электрондық түрде 2018 жылдың 7 желтоқсанда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Н. Ю. Циолковскаяға жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімінің 2022.29.12. № 1 шешімімен (2019 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.18.10. № 1 шешімімен (2023 ж. 20 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.29.02. № 2 шешімімен (2024 ж. 6 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.26.08. № 3 шешімімен (2024 ж. 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.05. № 1 шешімімен (2025 ж. 22 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 2 шешімімен (2025 ж. 19 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда
Қарағанды облысы
Шахтинск қаласының әкімінің
2019 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 1 шешіміне қосымша
№316 сайлау учаскесі