Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 25/6 шешімі
Осы редакция 2025 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының төрағасы | Ж. Каримова |
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
2024 жылғы 29 сәуірдегі
№ 25/6 шешіміне 1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері мен тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер