Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің м.а. 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығы
(2017.11.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 116 бабы 4 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2015.20.11. № 578 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйрықтың 1-124-қосымшаларына сәйкес Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | Б. Шолпанқұлов |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 2 тамыздағығы
№ 390 бұйрығына
1-қосымша
№ ОС-1 нысаны
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік мекеменің атауы (орталықтандырылған бухгалтерия)
Бекітемін:
Мемлекеттік мекеменің басшысы
_____________________________
қолы аты-жөні
«____» ___________________ ж.
Негізгі құралдар мен инвестициялық жылжымайтын мүлікті қабылдау-тапсыру (орналастыру)
актісі
| Құжаттың нөмірі | Жасалғанкүні | Тапсырушы ұйым (мемлекеттік мекеме) | Алушы ұйым (мемлекеттік мекеме) |
| Инвентарлық нөмір | Шығарылған нөмірі | Дебет | Кредит | Негізгі құрал, инвестициялық жылжымайтын мүліктің атауы | Өзіндік құны (бастапқы құны), теңге | Амортизациялау нормасының шартты белгісі және/немесе пайдалы пайдаланудың мерзімі | Амортизациялау нормасы, % |
| Есеп/субесеп | Талдамалық есепке алу коды | Есеп/субесеп | Талдамалық есепке алу коды |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |