Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 612 бұйрығы
(2018.29.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Әділет министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 275 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» мемлекеттік мекемесін телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
2. Бекітілген заттай нормаларды іске асыру «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» және «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» мемлекеттік мекемелері үшін тиісті қаржы жылына республикалық бюджеттен көзделген қаржы шегінде жүзеге асырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мерзімдік басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауды;