Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 561 бұйрығы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 32-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қайта бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 22 қазандағы № 463 бұйрығының күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Қ.М. Сәрсембаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы бірінші вице-министрі
Б.Ш. Шолпанқұлов
2019 жылғы «___»________
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 561 бұйрығымен бекітілген
БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды және атауы
2019-2021 жылдарға арналған
Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы: 001 «Білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру»
Бюджеттік бағдарламаның басшысы: ҚР БҒМ Жауапты хатшысы К. Сарсембаев