«Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 111/4 Қаулысы
(2015.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 11 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы «Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 25/2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3703 болып тіркелді, 2014 жылғы 25 ақпанда «Сарыарқа самалы» газетінде, 2014 жылғы 25 ақпанда «Звезда Прииртышья» газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. «Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының заңнамамен белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімінің міндетін атқарушы | Д. Тұрғанов |
Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 18 сәуірдегі
№ 111/4 қаулысымен
бекітілді
«Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер