Кейбір бірлескен бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 518-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 142 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бірлескен бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі | А. Куантыров |
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы | А. Шаккалиев |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасының Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің м.а.
2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 518-НҚ және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 142 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бірлескен бұйрықтардың
тізімі
1. «Техникалық реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 826 бірлескен бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12735 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: