Кәсіптік ұйымдардың, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың есептілік тізбесін, нысандарын және оларды ұсыну мерзімділігін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 296 бұйрығы
(2016.17.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 467 бұйрығымен 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2016.17.06. № 320 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары мен бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар есептілігінің тізбесі және мерзімділігі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына енген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есеп нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымы мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есеп нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы есеп нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының жұмыс органдары құрылымының өзгергені туралы есеп нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттар туралы есеп нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихандық модульдердің өзгеруі туралы есеп нысаны.
ҚР Қаржы министрінің 2016.17.06. № 320 бұйрығымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Бухгалтерлердің кәсiби ұйымдары, бухгалтерлерді сертификаттау жөнiндегi ұйымдар есептілігін электронды форматта ұсынады.
2. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіпте: