2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 23/154-VIII шешімі
(2025.30.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 8 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
Абай облысы мәслихатының 2025.30.04. № 27/180-VIII шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.03.07. № 29/194-VIII шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.09. № 30/199-VIII шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 367 975 789,8 мың теңге:
салықтық түсімдер - 14 860 899,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 10 668 783,2 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 342 446 107,4 мың теңге;
2) шығындар - 369 413 455,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 28 842 947,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 33 384 717,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 4 541 770,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -30 280 612,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 30 280 612,8 мың теңге:
қарыздар түсімі - 33 053 967,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 5 052 945,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 2 279 590,8 мың теңге.