Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарын құру туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 53 Қаулысы
(2022.24.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен 2011 жылғы 2 тамыздағы № 25-02-01-25/962-И келісілген жаратылыстану - ғылыми және техникалық - экономикалық негіздемелерінің, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен 2013 жылғы 8 қазандағы № 15-02-32/1992-КЛОХ келісілген техникалық - экономикалық негіздемесінің және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен 2014 жылғы 11 қарашадағы № 15-03-21/78-КЛХЖМ келісілген техникалық - экономикалық негіздемелерінің негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022.04.10. № 186 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Маңғыстау ауданы аумағында жалпы алаңы 160 086,48 гектар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар Тасорпа мемлекеттік табиғи қаумалы;
жалпы алаңы 316 141,0 гектар, оның ішінде: Маңғыстау ауданы аумағында 30 841,0 гектар, Қарақия ауданы аумағында 285 300,0 гектар жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар Жабайұшқан мемлекеттік табиғи қаумалы;
Қарақия ауданы аумағында жалпы алаңы 68 374,3 гектар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар «Адамтас» мемлекеттік табиғи қаумалы;
Бейнеу ауданы аумағында жалпы алаңы 58 922,8 гектар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар «Көлеңкелі» мемлекеттік кешенді табиғи қаумалы;