Ақтөбе қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 109 «2024-2026 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 237 шешімі
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 109 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2024 - 2026 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 139 680 625,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 96 793 158,7 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 927 904 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 970 954 мың теңге;
трансферттер түсімі - 39 988 609 мың теңге;
2) шығындар - 170 408 929,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 114 346 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 638 695 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 524 349 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 158 061,8 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 158 061,8 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицитi) - - 31 000 711,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - 31 000 711,5 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсiмi - 21 545 859 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 6 779 045 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 16 233 897,5 мың теңге.»;
3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 34 пайыз;»;
«2) әлеуметтік салық бойынша 33 пайыз;»;
2. Көрсетілген шешімдегі 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімдегі 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы | А. Даржанова |