Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 10 ақпандағы № 21 бұйрығы
(2021.08.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021.03.03. № 7 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағының 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021.08.12. № 44 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) «Дәнді дақыл түсімділігін зерттеу сауалнамасы» (индексі А-1 (түсімділік), кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Түсім жинау алдындағы ауылшаруашылық дақылының ылғалдылығы мен салмағын зертханалық анықтау бланкісі» (индексі В-1, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Түсімді жинағаннан кейін ауылшаруашылық дақылының ылғалдылығын және салмағын зертханалық анықтау бланкісі» (индексі В-2, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Шағын шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру» (индексі А-008, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;