Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 221 «Қостанай облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесі» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 228 Қаулысы
Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 263 Қаулысымен күші жойылды
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесі» 2021 жылғы 4 мамырдағы № 221 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9897 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Қостанай облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қостанай облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |
Қостанай облысы әкімдігінің
2022 жылғы 24 мамырдағы
№ 228 қаулысына
қосымша
Қостанай облысы әкімдігінің
2021 жылғы 4 мамырдағы
№ 221 қаулысымен
бекітілген