«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 629 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 шілдедегі № 410 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 64-бабының 1, 2, 5-тармақтарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысымен бекітілген «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 629 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы бұйрық күшіне енген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Б.С. Әбділдинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы | Т. Сұлтанғазиев |
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 13 шілдедегі
№ 410 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2021 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 629 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы
кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес
құрамы