2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы
Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 11/91-6с шешiмi
(2017.31.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 23 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына және 75 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабаның 1 тармағының 1) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8/74-VІ «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3919 тіркелген шешіміне сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2017.31.01. № 13/113-6с шешiмiмен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 109 581 867 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 46 851 667 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 116 626 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 322 000 мың теңге;
трансферттер түсімі - 62 291 574 мың теңге;
2) шығындар - 112 355 212 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 919 843 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 919 843 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
5) бюджет тапшылығы - -3 693 188 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 3 693 188 мың теңге.
2. 2017 жылға арналған қала бюджетінде облыстық бюджеттен 19 001 119 мың теңге көлемінде субвенция қарастырылғаны ескерілсін.
3. 2017 жылға арналған қала бюджетінде облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттері келесідей мақсаттарға қарастырылғаны ескерілсін:
тұрғын үйлерді сейсмикалық күшейтуге - 723 381 мың теңге;