Астана қаласы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 133/16-VIII шешімі
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 2-тармағына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Астана қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары;
осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды пайдалану тәртібі;
осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Астана қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
2. «Нұр-Сұлтан қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды анықтау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 512/68-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1275 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Аталған шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткесін күшіне енеді.
| Астана қаласы мәслихатының төрағасы | Е. Каналимов |
Астана қаласы мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 133/16-VIII шешімі
№ 1-қосымша
Астана қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары
| Р/с № | Арнайы орын атауы | Материалдық-техникалық жарықтандырылуы | Шекті толу саны |
| 1. | Ш. Құдайбердіұлы даңғылы мен А. Пушкин көшесі қиылысындағы шағынбақ | Жер учаскесінің аумағы - 4380 ш.м; көше жарығы; электр энергиясын қосу нүктесі; бейнебақылау және бейнежазба камералары; 35 тұрақ орны (1 кіру, 1 шығу) | 1000 адам |