ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
Осы редакция 2022 жылғы 12 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер – 12 848 935 138 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша – 8 919 134 985 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша – 286 053 324 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 2 251 000 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша – 3 641 495 829 мың теңге;
2) шығындар – 15 645 414 740 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 106 429 972 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер – 263 831 891 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 157 401 919 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 2 999 943 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу – 2 999 943 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы – -2 905 909 517 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 3,3 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы – -7 043 674 017 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 8,1 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 2 905 909 517 мың теңге.
2-бап. 2022 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 48 875 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 8 516 575 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсiмдері көзделсiн.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2022 жылға арналған түсiмдердiң көлемдерi осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есепке жатқызылатын болып белгiленсiн:
1) Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша – жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;